19 Қазан 2026, 15:08 Фото: instagram.com/kazakhstan_fencing

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан семсерлесушілер құрамасын тарихи жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесу Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы әлем Кубогының алтыны үшін таласатыны хабарланды.