Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы әлем Кубогының алтыны үшін таласады

Енді отандастарымыз әлем Кубогының алтын жүлдесі үшін Ресей құрамасымен кездеседі.

18 Қазан 2026, 23:27
АВТОР
 Спортты дамыту дирекциясы 18 Қазан 2026, 23:27
18 Қазан 2026, 23:27
128
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өтіп жатқан әлем Кубогының командалық сайысында финалға шықты. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық спортшылар финалға дейін төрт қарсыласын жеңді. Олар 1/16 финалда Түркияны 45:20 есебімен, 1/8 финалда Гонконгты 45:28 есебімен ұтты. Ширек финалда Мысыр құрамасынан 45:40 есебімен басым түссе, жартылай финалда Францияны 45:39 есебімен жеңді.

Енді отандастарымыз әлем Кубогының алтын жүлдесі үшін Ресей құрамасымен кездеседі.

Қазақстан сапынан Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов өнер көрсетіп жатыр. Жарысқа 49 елден 600-ден астам спортшы қатысуда.

Наверх