Кеше 2026, 19:27 Фото: Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі

Президент Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Ербол Хамитовты Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы.

Мемлекет басшысы биатлоншы Ербол Хамитовты Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Президент спортшының табанды еңбек пен ерік-жігердің арқасында қиын жолды еңсеріп, керемет жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Бұл – шынайы құрметке лайық. Қазақстан құрама командасының ту ұстаушысы бұған дейін шаңғы жарысынан Паралимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовке жарқын жеңіс, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі, - деп жазды Айбек Смадияров. 

Еске салайық, бұған дейін Ербол Хамитов бұған дейін пара шаңғы жарысынан қола жүлдеге ие болған еді.

Сондай-ақ, Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды.