Бүгiн 2026, 16:00 Фото: Ақорда

Президент Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға берді 

Қасым-Жомарт Тоқаев Айбек Дәдебайға ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді. Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады, – деп жазды ол.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған еді.