Премьер-министр күштік құрылымдардың қызметкерлеріне алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет атынан күштік құрылымдардың қызметкерлеріне елдегі қоғамдық тәртіпті қалпына келтірудегі қызметі үшін алғыс айтты. 

Еліміз үшін осы бір қиын уақытта ІІМ қызметкерлері, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілері, ТЖМ және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар мен курсанттар елдегі қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру бойынша қызмет етуде. Оларға атқарған ауқымды жұмыстары үшін алғыс білдіреміз, — деді Ә. Смайылов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмаларын орындау жөніндегі кеңесте.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Премьер-министр дәрігерлерге алғыс айтқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы