17 Қараша 2026, 19:29 Фото: BILD_Russian

Прагада екі пойыз соқтығысып, 46 адам зардап шекті

Бүгін таңертең Прага қаласындағы орталық теміржол вокзалы маңында екі жолаушылар пойызы соқтығысты. Оқиға салдарынан 46 адам зардап шекті. Олардың төртеуі ауыр жарақат алған. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұр.

Апат таңғы сағат 7:00 шамасында Сейфертова көшесінің үстіндегі теміржол көпірінде болған. Пойыздардың бірі Млада-Болеслав қаласынан шықса, екіншісі Миловице қаласына қарай бағыт алған еді. Пойыздардың бір жолға қалай түсікені әзірге белгісіз. 

Оқиғаға байланысты теміржолдың осы учаскесіндегі қозғалыс уақытша тоқтатылды. Ал алыс бағыттарға қатынайтын пойыздар басқа вокзалдарға бағытталды.

Алдын ала есеп бойынша, материалдық шығын көлемі кемінде 650 мың еуроны құраған.

Чехияның көлік министрі Иван Беднаржик пойыздардың соқтығысу себептері мен оқиғаның мән-жайы тергеліп жатқанын мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Мысырда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, қаза тапқандар бар екенін хабарладық.

Сондай-ақ, Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 50 шақты адам қаза тапты.