Пойызға жолсерік тексеруінсіз кіру мүмкіндігі қарастырылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл соңында «Қазақстан темір жолы» пойызға жолсерік тексеруінсіз кіруге негізделген цифрлық жобаны сынақтан өткізбек. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінде өткен онлайн брифингте «Адал жол» жобалық кеңесінің жетекшісі Исламбек Майшекин айтты.
Оның айтуынша, «Адал жол» жобасы аясында биыл жыл соңына қарай Digital ID технологиясы негізінде жолаушылардың жеке басын биометриялық сәйкестендіру жүйесін сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Жолаушылардың барлық деректері цифрландырылып, сәйкестендіру адамның әсерінсіз арнайы құрылғылармен жүргізілетін болады.
Адам факторын жоятын осындай технологиялар Қытай, Сингапур, Малайзия, Гонконг және Ұлыбритания елдерінде табысты іске асырылуда. Қазіргі уақытта «Адал жол» жобалық кеңсесі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ орталық аппараты мен еншілес компанияларының қызметіндегі жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуде, - деді Исламбек Майшекин.
Бұған дейін ол қомпания шығыны электронды билетке көшу арқылы 1,5 млдр теңге үнемделгені туралы айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы