Полиция реформасы имиджді емес, құқық қорғау жүйесін өзгертуге бағытталуы керек – әлеуметтанушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы әлеуметтанушы Серік Бейсембаев «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры (LRPC) ұйымдастырған «Қазақстанның жаңа полициясы. Заманауи қиындықтар мен қоғамның сұраныстары» атты онлайн сарапшылық кездесуде айтты.
Ашық қолжетімді зерттеулер қоғамның Қазақстан полициясына деген сенімінің әртүрлі деңгейін көрсетеді. ҚР статистика бюросы ретіндегі ресми дереккөздер сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді - 77%, ал халықаралық және тәуелсіз зерттеулер сенімнің төмен деңгейін көрсетеді (53-тен 65% - ға дейін), - дейді ол.
Бейсембаевтың айтуынша, Қазақстан полициясының бейнесі бір-біріне қарама-қайшы, себебі полиция өзіне әртүрлі қызметі бар түрлі ведомстволарды біріктірген.
Бақылаулар негізінде полиция қоғамда қабылдайтын кем дегенде үш негізгі рөлді бөлуге болады. Бірінші образы - қылмыстан қорғайтын полиция. Бұл қауіпсіздік туралы айқын сұрауға жауап береді. Екінші образы- қазақстандық сыбайлас жемқорлықтың нышаны ретіндегі полиция. Жол-патрульдік полициясының ерекшелігіне байланысты қазақстандықтардың басым бөлігі тап болған полиция қызметі еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың басты символына айналды. Үшінші образ-полиция қуғын-сүргін құралы ретінде, ол соңғы жылдары жаппай наразылықтар санының көбеюіне байланысты айқын көрініс тапты. Қаңтардағы оқиғалар мен азаптау жағдайлары бұл образды күшейтті, - деді ол.
Әлеуметтанушы атағандай, жаппай сауалнамаларға өте мұқият қарау керек.
Нақты контексті және сапалы әдістерді қолдана отырып, көбірек зерттеу жүргізу керек. Полиция реформасы имиджді жақсартуға емес, белсенді азаматтық қоғамның қатысуымен және өзгерістерге жаппай сұранысты ескере отырып, құқық қорғау жүйесін өзгертуге бағытталуы керек, - деді ол.
Айта кетейік, жиын барысында заңгерлер, әлеуметтанушылар, экономистер, саясаттанушылар қоғамның қазіргі таңдағы қиындықтар мен сұраныстарды талқылап, институционалдық және құқықтық реформалар бойынша нақты ұсыныстар берілді.Сараптамалық пікірталас Нұр-Сұлтандағы Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен LPRC жүзеге асырып жатқан «Қазақстандағы құқықтық саясатты қалыптастыруға азаматтық қоғамның қатысуы» жобасы аясында ұйымдастырылды.