Полиция Каспийде жабайы үйректерді басып өткен балықшыларды тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының полициясы Каспийдегі жабайы үйректерді қайықпен басып кеткен балықшыларды анықтады, деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.  

Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері видеодағы тұлғалардың кім екенін анықтады. Екі жас бала Түпқараған аудандық полициясында жеткізілді, қазіргі уақытта олармен анықтаушылар жұмыс істеуде, - делінген хабарламада.

Облыстық ПД мәліметінше, оларға ҚР ҚК-нің «Жануарларға қатыгездік көрсету» бабы бойынша жаза тағылуы мүмкін. Осы баптың санкциясы 500 АЕК-ке дейін айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегуді көздейді.

Еске сала кетейік, бүгін әлеуметтік желілерде балықшылар моторлы қайықпен жабайы үйректердің үйірін басып өткен бейне пайда болып, қызу талқыға түскен еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы