Полицейлерді алдап соғып, қашып кеткен сотталғанның кім екені анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін желіде видео тарады. Онда қарауылшы жасақтың бақылауымен үйіне келген ер адам әйелімен қоштасу сыңайын танытып, артынша үй ауласына қарғып мініп, қашып кетеді. Жамбылдық полицейлер қашқынды құрықтағанын мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың 5 тамызында сағат 17:30 шамасында Тараз қаласының 26 жастағы тұрғыны Иван Юрьевич Зозуля жазасынан ерте босатылуына байланысты белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін, Тараз қалалық №2 сотының қаулысымен 2 жыл 10 ай 17 күнге қамаққа алынып, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 158/1 мекемесіне жіберілу барысында, белгісіз бағытта бой тасалаған, - делінген хабарламада.
Зозуля бұрын, 2012 жылы заңсыз қару сақтағаны және есірткі заттарын өткізгені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында кеше, 8 тамызда сағат 21.00 шамасында сотты болған Зозуля Тараз қаласының «Қарасу» шағынауданында ұсталды. Осы факті бойынша ҚК 426-бабымен, яғни күзеттен қашқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Осы қылмысты жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Күдікті өз кінәсін толық мойындады және тергеу изоляторына қамаққа алынды, - деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығының орынбасары Мақсат Юсупов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы