Перуде бір аптада осымен үшінші президент тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ол келесі жылдың көктемінде өтетін сайлауға дейін қызметте болады.
Перу конгресі тағайындаған үшінші ел басшысы 76 жастағы Франсиско Сагасти болды. Ол енді 2021 жылдың сәуірінде жаңа президент сайланғанға дейін қызмет етеді. Сагастидің кандидатурасын 97 депутат қолдады, 26-сы қарсы болды, деп жазды El Peruano.
Сагасти 15 қарашада отставкаға кеткен мемлекет басшысы Мануэль Мерино мен Мартин Вискарренің орнына келді.
Жаңа тағайындалған Перу басшысы азаматтарға үмітін қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді. Оның айтуынша, атқарушы билік оған сенуге болатындығын көрсетуі керек.
Перудегі үкіметтік дағдарыс 9 қарашада конгресс президент Мартин Вискарреге сыбайлас жемқорлық пен парақорлық бойынша айыптағаны үшін импичмент жариялаған кезде басталған еді. Осыдан кейін елде наразылық басталды, демонстранттар Вискарренің отставкасын «мемлекеттік төңкеріс» деп атады.
Бұған дейін хабарланғандай, Перу президенті Мануэль Мерино бір аптадан кейін қызметінен кеткене еді.