Павлодарда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Павлодар облсының өрт сөндірушілері отқа оранған гараждан 50 литрлік баллонды алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
6 қаңтар сағат 09-39-да Қоянды ауылындағы «Қоянды» ауылдық округінде гараждың іші өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері дереу оқиға орнына жетті. Жеке үй аумағында 15 шаршы метрді құрайтын үйге жапсарластырылған гараждың жанып жатқаны анықталды, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Өрт сөндірушілер гараждан 50 литрлік 1 газ баллонын шығарды.
Өрт 10:22-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен өрт себептері анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда бірқатар автобустың бағыттық нөмірі өзгертілді
Келесі жаңалық
Жетісу облысында жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы