Павлодар облысындағы өрт: Төрт бала эвакуацияланып, екеуі қайтыс болды

Павлодар облысында жекеменшік тұрғын үйдегі өрт кезінде екі кәмелетке толмаған бала қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға Ертіс ауылында болды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт туралы хабарлама 15 қаңтар күні сағат 08:33-те түскен. Үш минуттан кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен.

Осы сәтте жекеменшік тұрғын үйді жалын толықтай шарпыған. Үйдегі жиһаз, тұрмыстық заттар мен шатыр жанып жатқан. Қатты түтін мен күрделі жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілер бірден адамдарды іздеуге кіріскен.

Белгілі болғандай, өрт шыққан сәтте үйде төрт бала болған. Олардың бірі өрт сөндірушілер келгенге дейін өз бетінше сыртқа шығып үлгерген. Қалған үш баланы өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден алып шықты. 

Өрт сөндірушілер өрт орнынан үш баланы құтқарды, оларды жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін бір бала өздігінен эвакуацияланды. Өкінішке орай, екі кәмелетке толмаған бала ауруханада қайтыс болды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өртің аумағы 50 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Еске салайық, бұған дейін СҚО-да өрттен әкесі мен баласы көз жұмған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы