Бүгiн 2026, 12:10 Фото: pixabay.com

Павлодар облысында жер сілкінді

Баянауыл ауылында 2 балл сезілді.

2026 жылғы 26 мамырда Астана уақытымен сағат 11:28-де ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырым жерде, Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағында орналасқан.

Эпицентр координаттары: 50.47° солтүстік ендік, 76.47° шығыс бойлық. Тереңдігі – 30 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.7.

Сезілуі: Баянауыл ауылында – 2 балл.

Бұған дейін Алматыдан 300 шақырым жерде жер сілкінген еді.