Пәтер жалдағаннан арзан. Министрлік хостелдер мен жатақханалардың бағасы жайында

Жатақхана тапшылығы қалай шешіліп жатыр? Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда еліміздің 58 жоғары оқу орны 182 объект немесе 24560 төсек-орын жатақхана мен жекеменшік хостелдермен келісімшартқа отырды. Жоғары оқу орындары осы хостелдермен келісім кезінде қойылған басты талап - хостелдерге студент жастар ғана тұруы керек. Сондықтан көп атаналар осы хостел деген сөзді естігенде қорқып жатады. Оларды жекеменшік жатақханалар деп айтуға болады. Бірнеше университет студенттері бірігіп, осы хостелдерде тұрады. Хостелде жолдан келген жолаушы тоқтамауы керек. Жалпы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігінің сақталуы жекеменшік иесімен келісімшарт жасасқанда басты талап ретінде қойылды, - деді Ақерке Абылайхан орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Спикердің мәліметінше, қазіргі таңда жатақханалардың бағасы 3-20 мың теңге аралығында ал хостелдерде 30-60 мың теңге арасында.

Әрине, бұл студент үшін арзан емес, бірақ пәтер жалдап тұрғаннан тиімді, - деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары.

Бұған дейін Ақерке Абылайхан елімізде 24 мыңға жуық студентке жатақхана жетіспейтінін айтқан еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы