"Парламенттік" құттықтау: Бортсерік те ұшар алдында анасын құттықтады
Бортсерік Сағи Тоқтамовтың ұшақ ішінде микрофон арқылы анасын туған күнімен құттықтауы желіде кең таралып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құрметті жолаушылар, жолдан кішкене кешігіп шығып жатқанымыз үшін кешірім сұраймыз. Және де осы сәтті пайдаланып, сіздердің рұқсаттарыңызбен бүгін анашымның туған күні еді. Сол құттықтап жіберсем: Анашым әкетайым екеуіңізге бақыт тілеймін. Денсаулық. Рахмет, – деді Сағи ұшар алдында.
Жолаушылар оның бұл сөзін жылы қабылдап, қол соқты. Құттықтау видеосы әлеуметтік желілерде тез таралып, көпшілік назарына ілікті.
Айта кетейік, бұған дейін депутат Ардақ Назаровтың Парламент отырысында анасын құттықтауы қоғамды қызу талқыланып, түрлі пікір туғызған еді.
Одан кейін Мәулен Әшімбаев ол жағдай туралы өз пікірін айтты.
Депутат қай жерде жүрсең де, ата-анаға құрметті ұмытпау керек деген болатын.
Сондай-ақ, Мәжілісте анасын құттықтаған Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді.