Жалпы жаңалықтар
-
Жамбыл облысында агроқұрылымдар ағын судан тапшылық көрмейді
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы су шаруашылығы нысандарының басым бөлігі Кеңес дәуірінде салынған. Олардың ішінде көптен жөндеу көрмегендіктен, ескіріп, тозып кеткені аз емес. Басым дені қайта жаңғыртуды қажет етеді.
14.05.2019
-
Алакөлге қатынайтын пойыздар түнгі уақытта жүре бастауы мүмкін
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Өскемен-Жалаңашкөл» және «Семей-Жалаңашкөл» бағытындағы теміржол қатынасы демалушыларға жайлы болу үшін түнгі мезетте қатынауы мүмкін. Бұл жөнінде облыстық әкімдіктің кеңейтілген отырысы барысында өңір басшысы Даниал Ахметов тапсырма берді.
14.05.2019
-
Жамбыл облысы аумағынан 82 нысан энциклопедияға енгізіледі
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Жамбыл облысының аумағында 3 мыңнан аса тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың 711-і – мемлекеттік, 25-і – республикалық, 5-еуі халықаралық болса, қалғаны алдын ала тізімге алынған.
14.05.2019
-
Алакөл жағалауында 60 гектар аумақ құрғатылмақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы төрт жыл көлемінде Алакөл жағалауы су шаюға қарсы беріктендіріліп, 60 гектарға жуық аумақ құрғатылады. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысы барысында айтылды.
14.05.2019
-
Қытайларды ою-өрнегіміз қызықтырды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қытай Халық Республикасындағы «Жүн маркеті компаниясы» қоғамдық ұйымдар бірлестігі, Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы, өңірлік жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары мен «Шеберлер мекені» тігін өндірісі қауымдастықтары өзара әріптестік ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
14.05.2019
-
14 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде жауын-шашын болады.
14.05.2019
-
Назарбаев Университетінде жазғы энергетика мектебі ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Total Energy Summer School" жазғы Энергетика мектебі бағдарламасына білім алушыларды тіркеу 14-17 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан) Назарбаев Университетінде өтеді.
13.05.2019
-
Қазақстанда 170 мың отбасы АӘК алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құжаттар қабылдау жүргізілуде.
13.05.2019
-
Әрбір астаналық қаланың жүйелі мәселелерін шешуге бастамашы бола алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғындар қаланың 11 жүйелі мәселесі бойынша ұсыныстар мен идеяларды ортаға салу мақсатында қалалық акселератордың жұмыс отырысына қатыса алады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
13.05.2019
-
Қарағанды облысында 560 көпбалалы отбасы пәтер кілтін алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында биылғы жылы жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша 11 көпқабатты үй салынып, екінші нарықтан 204 пәтер сатып алынады. Бұл мақсаттарға республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
13.05.2019
-
Елордада әлеуметтік жағдайы төмен 30 жанұяға азық-түлік үлестірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қамқор» акциясы шеңберінде Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының қолдауымен, Нұр-Сұлтан қаласы «Ырыскелді қажы» мешіті және Нұр-Сұлтан қаласы Ассамблеясының «Парасат» қайырымдылықты үйлестіру орталығы тарапынан көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
13.05.2019
-
Мемлекет басшысы Орал трансформатор зауытына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орал трансформатор зауытын аралады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
13.05.2019
-
Атырауда велоспорт мектебінің жұмысы жандануда
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау қаласындағы велоспорт балалар-жасөспірімдер мектебінің жұмысы жандануда.
13.05.2019
-
Жамбыл облысында «Серпін» күндері басталады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Мәңгілік ел жастары индустрияға» - «Серпін-2050» – Қазақстандағы өзекті әлеуметтік жобалардың бірі.
13.05.2019
-
Президент Оралдағы көпсалалы медицина орталығын аралап көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орал қаласында биыл ашылған «Uniserv medical center» көпсалалы медицина орталығына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
13.05.2019
-
Алакөлде биыл жаңадан 8 демалыс базасы іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімдігінің кезекті аппараттық кеңесінде аймақ басшысы Даниал Ахметов Алкөлдің жағасындағы қызметтердің сапасын жақсарту жөнінде бірнеше нақты тапсырмалар берді. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
13.05.2019
-
Қостанайда iKomek орталығы ашылды
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайдағы iKomek 109 өтініштер жүйесінің жұмысы үш желі арқылы жүзеге асырылады.
13.05.2019
-
Мемлекет басшысы БҚО-ның елімізді өркендетуге қосқан үлесін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
13.05.2019
-
ИИДМ азаматтарды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр азаматтарды қабылдады.
13.05.2019
-
19 рет күйеуге шыққандар бар – Сириядан келген әйел
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2013 жылы Сирияға күйеуінің артынан кетіп, қайтыс болғаннан кейін тамақсыз қалған 33 жастағы әйел 4 айдан бері Қазақстанда тұрып жатыр.
13.05.2019