Жалпы жаңалықтар
-
Жапонияда роботтар жұмыстан қысқартылып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Робот қызметкерлері бар әлемдегі алғашқы қонақ үйде 243 роботтың тең жартысы жұмыстан қысқартылмақ.
Адамдарды роботпен алмастырған отель 2015 жылы Жапонияда ашылған. Ондағы әкімші, тазалаушы, жүк тасушы және көмекшінің қызметін түрлі роботтар атқарып келген. 2019 жылдың қаңта
17.01.2019
-
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары ауысты
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне Асxат Аймағанбетов тағайындалды. Бұл жайлы облыс әкімінің баспасөз қызметі xабарлады.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аймақ активіне өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке осыған дейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Асхат Аймағамбетов тағайындалды. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, 36 жастағы Асхат Аймағамбетов облыс әкімінің орынбасары қызметінде әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
«Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. «Тарихшы, тарих пәнінің ұстазы» және «құқықтану» мамандықтары бойынша екі жоғарғы білімі бар. Еңбек жолын 2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де бастаған. «Аңсар» Жастар лигасын басқарған. Екі мәрте Қарағанды қалалық мәслихатында өзін өзі ұсынушы ретінде депутат болып сайланған.
2012-ші жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Нұра ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы Білім басқармасының жетекшісі қызметін атқарды. 2017-ші жылдың тамызынан бастап осы күнге дейін Білім және ғылым вице-министрі лауазымында болып, мектепке дейінгі және орта білім, сондай-ақ жоғарғы білім мен ғылым мәселелеріне жетекшілік еткен», - делінген xабарламада.
Жібек Мұқашева
17.01.2019
-
Қарағандыда арзан ұялы телефонға ие болғысы келгендер алданып қалды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда 33 жастағы азамат бағасы арзан ұялы телефон сатумен айналысамын деп тұрғындарды алдап, тақырға отырғызған. «Аңқау елге арамза молда» болған алаяқ шамамен 50 миллион теңгені қолды еткен. Күдікті тергеу изоляторына қамалды, қылмыстық іс қозғалды.
2017 жылы қала тұрғыны Қарағанды облысы мен Астана қаласының аумағында ұялы телефондарды сатумен айналысатын фирма ашқан. Ол өзінің қылмыстық әрекетін іске асыру үшін жоспар құрған. Жоспар бойынша «кәсіпкер» клиенттеріне соңғы үлгідегі ұялы телефондарды нарықтағы бағасынан төмен бағада ұсынған. Алаяқ клиенттерімен өзара сату-сатып алу келісімшартына отырып, оларға тауарды міндетті түрде жеткізетіндігін айтып, телефонның 100 пайыз құнын алып отырған.
«Ол клиенттерінің сеніміне кіру үшін алдын-ала дайындалған буклеттерді, прайс-парақшаларды, сондай-ақ телефон маркасын таңдауға арналған әлеуметтік желідегі парақшасын көрсеткен. Алаяқ келісімшартта көрсетілген уақыт аяқталғаннан кейін әртүрлі сылтаулармен уақыт оздырған. Ол тұтынушыларына тауардың кешігіп жатқанын, шекарада бірқатар мәселелер туындағанын айтып, алдаған. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған. Оған қатысты тергеу жүргізілуде. Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабы, 3-тармағына сай іс қозғады», - дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз xатшысы Бақытдан Құдияров.
Полиция қызметкерлері күдікті азаматтың ісінен жапа шеккендердің Қарағанды қаласының Орталық полиция бөліміне xабарласуға кеңес береді.
Жібек Мұқашева
17.01.2019
-
«Болашақтың» түлегі ауылда сабақ беріп жүр
Ақмола, Baq.kz тілшісі. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондондағы Королева Мария Университетін ойдағыдай бітіріп келген Айтмұхамед Қалмаханов Целиноград ауданындағы Қызылсуат ауылындағы мектепте информатика пәнінен сабақ беріп жүр. Бұл шетелден оқып келген талай жасқа өнеге боларлық іс.
17.01.2019
-
«Депутат» энциклопедиясы жарық көрді
Астана, BAQ.KZ. Астанада еліміздің барлық деңгейдегі депутаттарының өмір жолы мен атқарған жұмыстарын қамтыған «Депутат» энциклопедиясының тұсау кесері өтті.
Бұл еліміздегі барлық деңгейдегі депутаттар енгізілген алғашқы басылым болып отыр. Энциклопедия негізінен бес бөлімнен т
17.01.2019
-
Елімізде 6 млн адамның баспана алуына несиесі кедергі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтар қолжетімді ипотека алмас бұрын банктердегі тұтынушылар кредитін қайтаруы тиіс. Бұл туралы ТҮҚЖБ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.
17.01.2019
-
2018 жылы елімізде 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Астана, BAQ.KZ.2018 жылы тұрғын үй құрылысына 1,2 трлн. тенге инвестиция салынды. Ол 2017 жылдан 8,1 пайызға артық. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев баспасөз конференциясында айтты.
17.01.2019
-
ТҮҚЖБ: 2250 әскери қызметші пәтер алды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы әскери қызметшілер ТҮҚЖБ-дан 70 мың шот ашқан. Бұл туралы ТҮҚЖБ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.
17.01.2019
-
Астанада қоғамдық электрокөліктер пайда болады – Соловьева
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Біз елордада бағдарлы электромобильдер пайда болуы бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы Қазақстанның ірі өндіріс ошақтарының жасыл рейтинг бойынша 2018 жылғы қортындысын шығаруға арналған брифингте «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрайымы Айгуль Соловьева мәлімдеді.
17.01.2019
-
Сенатор Бектаев ауыл жастарына қолдау көрсетуге шақырды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Әли Бектаев ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа сауал жолдап, ауыл жастарына қамқорлық керек екенін айтты.
17.01.2019
-
Қазақстандықтар арасында екі бөлмелі пәтер сұранысқа ие
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтар екі бөлмелі пәтерді көптеп сатып алады. Бұл туралы ТҮҚЖБ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.
«Сұраныс бойынша талдау жүргіздік. Елімізде екі бөлмелі пәтерге сұраныс жоғары екенін көрдік. Қолданысқа берілген баспананың 60% астамы 2 бөлмелі пәтерле
17.01.2019
-
ТҮҚЖБ 2018 жылы қанша адам баспаналы болғанын айтты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова 2018 жылы банк арқылы қанша адам баспаналы болғанын айтты.
2018 жылы ТҮҚЖБ арқылы күн сайын 100-150 адам баспана мәселесін шешіп отырған.
«Былтыр біздің банк үшін рекордтық жыл болды. Банк 38 250
17.01.2019
-
«Олардың мәселесін түсінгіміз келеді». «Атамекен» кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізуді бастады
Астана, BAQ.KZ ТІЛШІСІ. Бүгін кәсіпкерлердің мәселесін білу мақсатында сауалнама жүргізуді бастадық. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев мәлімдеді.
17.01.2019
-
Тәрбиешісі туберкулезбен сырқаттанған балабақшадағы қазіргі жағдай қандай?
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының Көгілдір тоғандар ықшам ауданында орналасқан «Толағай» мемлекеттік балалар бақшасында туберкулезбен сырқаттанған тәрбиеші жұмыс істеген. Балабақша карантинге жабылған жоқ, қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. «Толағайға» балаларын берген ата-аналар болса дабыл қағуда.
17.01.2019
-
2018 жылы 12 млн шаршы метр үй берілді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев 2018 жылы тұрғын үй саласында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
«2017 жылы бітірген 11 млн шаршы метрге тағы 1 млн қосылып, былтыр 12,5 млн шаршы метрді тапсырдық. 113 740 тұрғын үй қосылды. Үй құ
17.01.2019
-
Сенатор қант диабетіне шалдыққандардың жанайқайын жеткізді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Динар Нөкетаева ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа сауал жолдап, қант диабетіне шалдыққан балалардың проблемасын көтерді.
17.01.2019
-
Facebook саяси жарнамалар ережесін қатаңдатпақ
Алматы, BAQ.KZ. Facebook компаниясы 2019 жылы сайлау өтетін Үндістан, Нигерия, Укрина және ЕО елдерінде саяси жарнама берудің ережесін қатаң бақыламақ. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
17.01.2019
-
Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар тегін психологиялық көмекке онлайн жүгіне алады
Астана, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкіметтің» әлеуметтік сала бойынша кеңес беретін 1411 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырғандар псилохологиялық көмек алу кезегін брондай алады.
Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялы
17.01.2019
-
Елімізде Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын ірі тораптық құрастыру жүзеге асырылады
Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ, «№ 405 Авиажөндеу зауыты» мен «Ростех» корпорациясына қарасты «Вертолеты России» АҚ арасында Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын ірі тораптық құрастыруды Қазақстанда ұйымдастыру тура
17.01.2019
-
Инспекторды өлтірген күдіктілер арасында Қызылорда тұрғындары бар – Қасымов
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты түсініктеме берді.
Қалмұханбет Қасымов күдіктілер арасында Қызылорда облысының тумалары бар екенін және олар оқиға орнынан жасырынғанын айтты. «Олар Қызылорда тұрғындары. Қызылорда облыс
17.01.2019