«Депутат» энциклопедиясы жарық көрді

Астана, BAQ.KZ. Астанада еліміздің барлық деңгейдегі депутаттарының өмір жолы мен атқарған жұмыстарын қамтыған «Депутат» энциклопедиясының тұсау кесері өтті.

 

Бұл еліміздегі барлық деңгейдегі депутаттар енгізілген алғашқы басылым болып отыр. Энциклопедия негізінен бес бөлімнен тұрады. І бөлімде ҚР Парламентінің Сенат депутаттары, ІІ бөлімде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ІІІ бөлімде Астана, Алматы, Шымкент қалаларының депутаттары, ІV бөлімде облыс және облыс орталықтарының мәслихаттары, V бөлімде қалалық және аудандық мәслихат депутаттары енгізілген.

 

Көлемі 600 беттен тұратын энциклопедияға 3 370 депутат туралы ақпарат жинақталған.

 

Кітаптың тұсаукесеріне ҚР Парламентінің депутаттары мен облыстық, аудандық мәслихат депутаттары арнайы қатысып, құрастырушыларға алғыстарын білдірді.

Фото авторы: Нұржас ЖАҚСЫБАЙ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы