Жалпы жаңалықтар
-
Ақпараттық қауіпсіздік қатаң қорғалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Орталық коммуниакциялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтып берді.
05.04.2021
-
Вирус жұқтырған адаммен байланыста болғаныңды хабарлайтын қосымша іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елде вирус жұқтырған адаммен байланыста болғаныңды хабарлайтын қосымша іске қосылды. Қосымшаның қызметі туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
05.04.2021
-
Атырау емханаларында коронавирусқа қарсы вакцина алушылардың қарасы көп
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда коронавирусқа қарсы екпе алушылардың қарқыны жоғары. Алғашында халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін медицина саласының қызметкерлері, полицейлер, мұғалімдер алған еді. Енді қарапайым халықтың қарасы көп. Қала емханаларында екпе алуға келгендердің қатарында жас та, кәрі де бар.
05.04.2021
-
Министрлік интернет сапасын жақсарту үшін не істеп жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елді интернетпен қамтамасыз ету және оның сапасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
05.04.2021
-
Құрық ауылында «Worldskills Aktau-2021» аудандық чемпионаты өтті
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Дәстүрлі сайыс биыл Қарақия аудандық кәсіптік колледжінде ұйымдастырылды.
05.04.2021
-
Наурызбай қажы Тағанұлы баланы дұрыс тәрбиелеудің әдістерін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ тілшісі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы діннің маңызы туралы» брифингте бала тәрбиесі туралы айтты.
05.04.2021
-
Бизнеске карантин кезінде жұмыс істеуге көмектесетін қосымша енгізілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елде коронавирустың халық арасында таралу қаупін азайтып, бизнеске карантиндік шектеулер кезінде жұмыс істеуге көмектесетін қосымша іске қосылады.
05.04.2021
-
Ұлттық банк төрағасының орынбасары ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
05.04.2021
-
Бас мүфти биыл пітір садақа неге ұнмен есептелгенін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы "Antikorlive" жобасында айтты.
05.04.2021
-
Алматыда 1700 оқушы вирус жұқтырған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.
05.04.2021
-
Өңірлік архивтерден саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты мәліметтер іздестіріліп жатыр
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. «Маңғыстау облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері өзге аймақтардағы әріптестерімен байланысып, саяси куғын-сүргін құрбандарына қатысты мәліметтерді іздестіру, зерттеу және жинақтау жұмыстарын жүргізуді бастады.
05.04.2021
-
EGov mobile қосымшасында вакцинация паспорты іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. EGov mobile қосымшасында вакцинация паспорты іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтып берді.
05.04.2021
-
Үлкен күнә болып есептеледі. Бас мүфти жемқорлық туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Antikorlive жобасында айтты.
05.04.2021
-
Қатаң карантин шарасы тиімді болмады – Бекшин
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында карантин шараларының неліктен жеңілдетілгенін түсіндірді.
05.04.2021
-
«Бөрілген қорымы» аумағындағы ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жасалады
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Сонау XVII ғасырдан бастап адам жерлене бастаған «Бөрілген қорымы» Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылынан солтүстік-шығыс бағытта шамамен 35 шақырым қашықта орналасқан.
05.04.2021
-
Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико Касаиды қабылдады.
05.04.2021
-
Елордада карантин тәртібін жүйелі бұзған 28 мекеменің жұмысы тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каратин шектеулерін бұзушылықтарды анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Елордада ескертулерге қарамастан кәсіпкерлік субъектілерінің карантин режимін бұзуы күн сайын тіркеледі. Кейбір мекемелер мұны жүйелі түрде жасайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
05.04.2021
-
Вакцинациялаудың алдында антиденелерге тест тапсыру керек пе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес, КВИ-ге қарсы вакцинациялау алдында антиденелерді анықтау үшін ИФА зерттеуін жүргізу қажет емес.
05.04.2021
-
Франция Еуропада вирус жұқтыру бойынша көш бастап тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда бір тәуілікте коронавирустың 67 мың жағдайы тіркелді. Пандемия басталғалы бері вирус жұқтырушылар саны 4,9 млн адамға жетті. Реанимацияда бес мыңнан астам адам жатыр, деп жазды centralasia.media.
05.04.2021
-
Газдандыру жұмыстары жоспарлы жүргізілуде – басқарма басшысы
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 1061 шақырымды құрайтын «Сарыарқа» магистралды газ құбырының 765 шақырымы Қарағанды облысының аумағынан өтеді. Ауқымды жоба аясында Қарағанды облысында 120 елдімекен мен аймақтың ең ірі үш қаласы – Қарағанды, Жезқазған және Теміртау сұйық отынмен қамтылатын болады. Газдандыру жобасының жұмысы қалай жүріп жатқандығы жайлы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов айтып берген болатын.
05.04.2021