Ұлттық банк төрағасының орынбасары ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Дина Төлеубекқызы Ғалиева Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Президент өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы