Жалпы жаңалықтар
-
Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико Касаиды қабылдады.
05.04.2021
-
Елордада карантин тәртібін жүйелі бұзған 28 мекеменің жұмысы тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каратин шектеулерін бұзушылықтарды анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Елордада ескертулерге қарамастан кәсіпкерлік субъектілерінің карантин режимін бұзуы күн сайын тіркеледі. Кейбір мекемелер мұны жүйелі түрде жасайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
05.04.2021
-
Вакцинациялаудың алдында антиденелерге тест тапсыру керек пе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес, КВИ-ге қарсы вакцинациялау алдында антиденелерді анықтау үшін ИФА зерттеуін жүргізу қажет емес.
05.04.2021
-
Франция Еуропада вирус жұқтыру бойынша көш бастап тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда бір тәуілікте коронавирустың 67 мың жағдайы тіркелді. Пандемия басталғалы бері вирус жұқтырушылар саны 4,9 млн адамға жетті. Реанимацияда бес мыңнан астам адам жатыр, деп жазды centralasia.media.
05.04.2021
-
Газдандыру жұмыстары жоспарлы жүргізілуде – басқарма басшысы
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 1061 шақырымды құрайтын «Сарыарқа» магистралды газ құбырының 765 шақырымы Қарағанды облысының аумағынан өтеді. Ауқымды жоба аясында Қарағанды облысында 120 елдімекен мен аймақтың ең ірі үш қаласы – Қарағанды, Жезқазған және Теміртау сұйық отынмен қамтылатын болады. Газдандыру жобасының жұмысы қалай жүріп жатқандығы жайлы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов айтып берген болатын.
05.04.2021
-
Бірінші кезекте вакцинаны кім алуы тиіс?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші кезекте коронавирусқа қарсы вакцинаны медицина қызметкерлері және халықпен жиі араласатын қауіп тобындағы адамдар алуы керек.
05.04.2021
-
Вьетнамда жаңа президент сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вьетнамның жаңадан тағайындалған президенті ант беріп те үлгерді. Енді ол елді 2026 жылға дейін басқарады.
05.04.2021
-
Бірқатар лауазымды тұлға қызметтерінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқааевтың Жарлығымен Бірқатар лауазымды тұлға қызметтерінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
05.04.2021
-
Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
05.04.2021
-
Қазақстанда жаңа бокс федерациясы құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстандық спортшылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі елімізде Бирма бокс федерациясының құрылғанын хабарлайды.
05.04.2021
-
Президент халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл туралы Жарлыққа қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы Жарлыққа қол қойылды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
05.04.2021
-
COVID-19-ға қарсы салынатын вакцина қауіпті ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ қолдануға рұқсат берген вакциналар ауруға қарсы күресте олардың қауіпсіздігін және тиімділігін дәлелдеу мақсатында міндетті түрде тестілеуден және клиникалық сынақтардан өтеді.
05.04.2021
-
ҰБТ-ның шекті балы қанша?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев педагогикалық мамандықтар бойынша ең жоғары шекті балл 75-ке ұлғайтылғанын айтты.
05.04.2021
-
Ақмола облысында 4,6 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында жастар ресурстық орталықтары 4,6 мыңнан аса жастың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсетті.
05.04.2021
-
ҰБТ-2021: Ережені бұзған тестіленушінің нәтижесі бірден жойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов тестілеу кезінде бұзушылық анықталса, тестіленушінің нәтижелері жойылатынын айтты.
05.04.2021
-
Өшпейтін рухани мұра, өрісті өнеге қалдырды – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі жазушы, көрнекті қаламгер, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов ағамыздың дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын, деп жазды Facebook- тегі парақшасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
05.04.2021
-
Қазіргі заманғы дәрігер: Мемлекет оны қалай қолдайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік органдардың денсаулық сақтау жүйесіне қатысты акциясы іске асыру кезеңінде-ақ сәтсіз аяқталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау саясаты және қаржыландыру саласындағы консультант Марат Мамаев «Медицина қызметкерлеріне мемлекеттік төлемдер: қаншалықты ашық?» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
05.04.2021
-
Биыл түлектер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев түлектер ҰБТ-ны сәуір, мамыр және маусым айларында екі рет тапсыра алатынын жеткізді.
05.04.2021
-
ҰБТ-2021: Электрон форматтағы ҰБТ-ның қандай артықшылығы бар?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев ҰБТ-ны цифрландырудың ерекшелігі жайында түсіндіріп берді.
05.04.2021
-
Президент Қабдеш Жұмаділовтің отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
05.04.2021