Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Калгариде өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионаты Канаданың Калгари қаласында өтеді. Бұл туралы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы мәлімдеді, деп хабарлады Olympic.kz.  

Турнир 21-30 тамыз аралығында өтеді. Барлық команда Калгариге 10 тамызда барып, карантинге жіберіледі.  

Айта кетелік, хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты былтыр өтуі тиіс болатын. Алайда коронавирусты инфекцияға байланысты бәсеке кейінге қалдырылды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы