Жалпы жаңалықтар
-
Жыл басынан Балқаш көліне 13,5 текше шақырым су жіберілді
Жыл басынан бері Балқаш көліне Іле өзені арқылы Қапшағай су қоймасынан 13,5 текше шақырым су жіберілді. Осының нәтижесінде көлдің орташа су деңгейі Балтық жүйесімен 341,60 м жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2024
-
Қазақстанда ваучерлік қаржыландырудың енгізілуі: мектепке дейінгі сапалы білім алуға жасалған қадам
Қазақстанда жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесімен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға берілетін мемлекеттік тапсырысты дербестендіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2024
-
Келесі Олимпиадада 71 келіде өнер көрсеткім келеді - Төрехан Сабырхан
Будве қаласында болған жастар арасындағы Әлем чемпионатының чемпионы, төрт дүркін Азия чемпионы Төрехан Сабырханмен Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі сұхбаттасты. Әлем сарапшылары «Азия сойқаны» деп атап кеткен боксшы спорттағы мансабы мен жоспарлары туралы айтты.
08.11.2024
-
Испанияда су тасқынынан опат болғандар саны 219 адамға жетті
Тағы 93 адам хабар-ошарсыз кетті. Опат болған және зардап шеккендердің дені Валенсия қаласының тұрғындары, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
08.11.2024
-
8 қарашаға арналған валюта бағамы
Ұлттық банк 6 қарашаға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2024
-
Бектенов: Мемлекет кірісіне қосымша 525 млрд теңге аударылды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында мемлекет кірісіне қосымша 525 млрд теңге айналдырылғандығы айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2024
-
Таразда «Түйте» каналының бойы абаттандырылуда
Тараз қаласы аумағындағы 6 ирригациялық және 2 дренаж каналын механикалық тазалауға қала бюджетінен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар қолға алынды. Қазір «Түйте» каналында жұмыстар басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2024
-
Ақмола облысында 15 тонна шөп өртенді
Аршалы ауданының Красное озеро ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында жиналған шөп өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2024
-
Атырау облысында 9 айда 231 адам туберкулез дертін жұқтырған
Атырау облысында 9 айда 231 адам туберкулез дертін жұқтырған. Қан түкіретін науқастар саны өткен жылғы көрсеткіштен 15 адамға ғана азайған, деп хабарлайды BAQ.KZ Astana арнасына сілтеме жасап.
08.11.2024
-
Елімізде колледжге құжатты онлайн тапсыру мүмкіндігі пайда болды
Енді талапкерлер үшін колледжге түсуге арналған құжаттарды тапсыру процесі айтарлықтай жеңілдетілді. Талапкерлер eGov.kz порталы арқылы құжаттарын онлайн түрде тапсыра алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2024
-
Түркістан: Сайрам ауданында теміржол үстіндегі көпір кеңейтіледі
Түркістан облысындағы автомобиль жолдары саласында жаңа жобалар қолға алынбақ. Бүгінгі таңда Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Сайрам ауданының орталығы – Ақсукент елді мекенінен Қарабұлақ бағытына қарай облыстық маңызы бар КХ-3 «Ақсукент – Шаян – Мыңбұлақ» автомобиль жолының 27 шақырым көпірді кеңейтуге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2024
-
Шымкентте алимент төлеуден жалтарған 22 борышкер сотталды
Шымкентте жыл басынан сот үкімімен кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент төлеу міндетін орындамаған 22 борышкер қылмыстық жазаға тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2024
-
Жамбылда автокөлік тиелген көлік өртенді
ТЖМ қызметкерлері өрттен 4 автокөлікті құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2024
-
Астанада Қазақстан мен Словакия қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті
Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Словак Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қорғаныс министрі Роберт Калиняк әскери білім беру мен бітімгерлік қызмет саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2024
-
Алматының 13 университеті Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне енді
QS Asia University Rankings 2025 рейтингіне Қазақстанның 35 жоғары оқу орны кірді, оның 13-і Алматыдан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2024
-
Алматыда 175 азаматқа жалға берілетін пәтер кілті табысталды
Алматыда баспана кезегінде тұрған 175 азаматқа жалға берілетін пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2024
-
С. Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» байқауына өтінім қабылдау басталды
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті белгілі қаламгер, көрнекті көсемсөз шебері, қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға материалдар қабылдау басталғанын жариялады. Байқауға кез келген БАҚ өкілдері спорт тақырыбындағы материалдарын ұсына алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.11.2024
-
Қазақстан СІМ-де Венесуэламен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Венесуэла Боливариан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Росальба Ло Буэ Антиконы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.11.2024
-
ШҚО-да ақ балықты уылдырық шашу кезінде аулауға тыйым салынады
Шығыс Қазақстан облысының бірнеше су қоймасында 10 қарашадан бастап 10 желтоқсанға дейін ақ балықтар популяциясын сақтау мақсатында уылдырық шашу кезінде оларды аулауға уақытша тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.11.2024
-
Астанада қар күреуге жүздеген жол жұмысшы мен техника жұмылдырылды
Қаланың коммуналдық қызметтері ауысымдық режимде тәулік бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Қар тазалау үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
07.11.2024