+23

Көрген мәселеге қалай шағым жазуға болады?

Әділет министрлігінің баспасөз қызметі "eGov Mobile" мобильді қосымшасы арқылы "eOtinish"-ке қалай дұрыс өтініш беруге болатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"eOtinish" ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға өтінішіңізді сәтті жасау және жолдау үшін "eGov Mobile" қосымшасына кіру қажет. Әрі қарай, "Қызметтер" бөлімінде "eOtinish" бөліміне басу керек. Басқаннан кейін Сіз "eOtinish" ақпараттық жүйесінің басты бетіне өтесіз. Содан кейін "Өтініш беру" бөліміне басып, пайда болған терезеде электрондық форманы толтыру қажет. Тиісті бағандарды сәтті толтырғаннан кейін Сізге бар болғаны "Қол қою және жіберу" батырмасын басу ғана қалады. Бұл әрекет Сіздің өтінішіңіз мемлекеттік органға тіркеу үшін және одан әрі қарауға жіберілгенін білдіреді" , - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов архив
Өзгелердің жаңалығы