"Өзі кетсе де, жүрегі соғып тұр": Донордың ағзасы екі жанға өмір сыйлады

Павлодарлық донор екі пациентке жаңа өмір сыйлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасында 44 жастағы ер адам қайтыс болғаннан кейін оған донорлық операциясы жасалды. 

Ағзаларды трансплантаттау және екі пациенттің өмірін "күту парағынан" құтқару донор отбасының шешімі мен медициналық мамандардың барлық кезеңдердегі үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды. 

Ағзаларды алуға Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен "UMC" корпоративтік қорының трансплантолог дәрігерлері қатысты.

Жүрек пен бүйрек сәтті алынып, трансплантатталды. Алынған ағзалар трансплантаттау жаңа өмірге мүмкіндік болатын донорлар мен реципиенттердің бірыңғай республикалық тіркелімінен пациенттерге жедел жеткізілді. Бұл жағдай Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлық және трансплантология мәдениетін дамытудың маңыздылығының жарқын мысалы болды, - деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

2025 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша донорлар мен реципиенттердің бірыңғай республикалық тізілімінде ағзаларды трансплантаттауды күткен 4 384 пациент бар. Олардың ішінде:

* 3 890 ересек адам мен 90 балаға бүйректі трансплантаттау қажет;

* 201 ересек адам мен 21 бала бауырды трансплантаттауды;

* 25 ересек және 2 бала — өкпені трансплантаттауды;

* 143 ересек және 6 бала-жүректі трансплантаттауды күтуде;

* 4 ересек пен 2 балаға «жүрек-өкпе» кешенін трансплантаттау қажет.

ДСМ мәлім еткендей, бұл сандар елімізде донорлық және ағзаларды трансплантаттау жүйесін дамытудың жоғары қажеттілігін айқын көрсетеді.

Еске салайық, бұған дейін ағасы қарындасына, егіздің сыңары інісіне бүйректерін беріп, оларға ота жасалғанын жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы