10 Қыркүйек 2026, 13:58 Фото: uznews.uz

Өзбекстан сенаторлары өзбек әліпбиін латын графикасына көшіру туралы заңды мақұлдады

Мақұлданған заңға сәйкес, латын қарпуына негізделген өзбек әліпбиі 26 әріп пен үш әріп тіркесінің орнына 28 әріп пен бір апострофтан тұратын болады.

Сенаттың 19-шы пленарлық отырысында «Латын графикасына негізделген өзбек әліпбиін енгізу туралы» Өзбекстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң талқыланды

Отырыста соңғы жылдары елде өзбек тілін дамыту, оның мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін нығайту бойынша жүйелі шаралар жүзеге асырылып жатқаны, сондай-ақ өзбек тілінің халықаралық беделі артып келе жатқаны аталып өтті.

Заңмен латын графикасына негізделген өзбек әліпбиінің 26 әріп пен 3 әріп тіркесінің орнына 28 әріп пен 1 апострофтан тұратынын көздейтін өзгерістер енгізіледі.

Сондай-ақ жаңа редакциядағы әліпбиге көшу процесінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін ескеру мақсатында заң күшіне енгенге дейін қолданыстағы әліпби негізінде ресімделген құжаттардың, ұлттық валютаның және бағалы қағаздардың айналымына жол берілетіні белгіленеді.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кейбір символдық белгілерін, сондай-ақ маңдайшалар мен көрсеткіштерді олар жарамсыз күйге жеткенге дейін немесе белгіленген мерзімге дейін пайдалануға рұқсат етіледі.

Сенаторлардың пікірінше, бұл заңның қабылдануы латын графикасына негізделген өзбек әліпбиі мен емле ережелерін жетілдіруге, мемлекеттік тілді қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ өзбек тілін цифрландыру процестерін дамытуға қызмет етеді.

Талқылау соңында заңды сенаторлар мақұлдады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қазақ тілі латын графикасына қашан көшетініне қатысты министрлік жауап берді