Өзбекстан мен Ауғанстан қазақстандық астыққа сұранысты арттырды
Қазақстандық астық пен астық баламасындағы ұн экспорты 13,1 млн тоннаны құрады.
2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы маусымға дейінгі кезеңде астық пен астық баламасындағы ұн экспорты 13,1 млн тоннаны құрады.
Бұл өткен маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық. Аталған кезеңде экспорт көлемі 11,6 млн тоннаны құраған.
Экспорт көлемінің өсуіне негізінен Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға жеткізілімдердің артуы ықпал етті. Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 38%-ға өсіп, 3,9 млн тоннадан 5,5 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 1,4 есеге артып, 357 мың тоннадан 504 мың тоннаға дейін ұлғайды. Ауғанстанға экспорт 59%-ға өсіп, 1,4 млн тоннадан 2,2 млн тоннаға жетті. Түрікменстанға жеткізілім көлемі 37%-ға артып, 150 мың тоннадан 205 мың тоннаға дейін өсті, - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, жүк тасымалы көрсеткіштерінің оң серпіні қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың жоғары екенін және оңтүстік бағыттағы логистикалық дәліздердің тұрақты жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.
Сонымен қатар бұл экспорттық логистиканы дамыту және шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін айғақтайды.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан егістік алқаптарын толық цифрландыруға кіріскенін айтты.
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 23:15
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 22:49
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 22:31
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 21:56
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 21:20
- Жүргізушілерге ескерту: Астанада маңызды жол учаскесі 6 күнге жабылады 20:56
- Қазақстанда жылжымайтын мүлік сату тәртібі өзгерді: Енді нотариусқа қатысты маңызды талап бар 20:33