Өзбек тарапы бірлескен шешім қабылдауға келісті – министр Сардоба су қоймасы туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халық алдындағы есептік кездесуінде өзбек тарапы су қоймасының болашақтағы тағдыры бойынша бірлескен шешім қабылдауға келіскенін айтты.
Сардоба су қоймасы бөгетінің проблемасы Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының өмірі мен экономикасына айтарлықтай әсер етті. Мен оқиғадан кейін 2 күннен соң аймаққа жеттім. Біз Түркістан мен Жамбыл облыстарындағы арналардың құрылысы мен қайта жөнделуіндегі барлық техниканы Мақтаарал ауданына жұмылдырдық, - деді ол.
Министр мамыр айында Шымкент қаласында әріптесі - Өзбекстанның су шаруашылығы министрімен кездескенін айтты.
Біз барлық мәселе мен алдағы іс-қимылдарды талқылады. Өзбек тарапы су қоймасының болашақтағы тағдыры бойынша бірлескен шешім қабылдауға келісті. Халықаралық және қазақстандық сарапшылардың тартылуы арқылы техникалық аудит жүргізіледі. Сардоба су қоймасының құрылысы, өкінішке қарай, біздің келісімсіз жүзеге асырылды, - деді Мырзағалиев.
Айта кетейік, 1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысында Сардоба су қоймасындағы бөгеттердің бірі жарылып, айналасындағы елді мекендерді су басқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы