"Өз үйіңіз суға кетсе не істейсіз?". Министр жауап берді
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мемлекеттің берген кез келген өтемақысына риза болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілі министрге "Су тасқыны кезінде сіздің үйіңіз суға кетті дейік. Сізге мемлекет компенсация берді. Сіз оған риза боласыз ба?" деп сұрақ қойды.
Егер менің үйім жарамсыз болып қалса, мен мемлекет берген үйге, әрине риза боламын. Себебі, оны мен қай жерден аламын? Мысалы, басқа елдерге қараңыздар... Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге бизнес және мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіп жатырмыз, - деп жауап берді Шарлапаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов осы аптаның соңына дейін су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ Бектенов өндірісті жаңғыртудың маңызы жайлы айтты. Үкімет басшысы импорт өсіп бара жатқанын айтты. Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде жыл соңына дейін мұнай-газ-химия өнімдерін өндіруді 75 пайызға ұлғайту көзделіп отырғанын айтты.