Бүгiн 2026, 09:49 Фото: видеодан алынған кадр

Өскемендегі "Казцинк" аумағында жарылыс: 4 адам ауруханаға жеткізілді

Өскемендегі «Казцинк» ЖШС аумағында болған өрт оқшауланды. Құтқарушылар өртті толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам ауруханаға жеткізілген.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі күштері «Казцинк» ЖШС аумағында болған өртті оқшаулады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта құтқарушылар өртті толық сөндіру үшін конструкцияларды бөлшектеу және өрт ошақтарына су құю жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, зардап шеккендерді іздестіру жалғасуда.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 4 адам медициналық мекемеге жеткізілген. Олардың жағдайы нақтыланып жатыр.

Оқиға орнында барлығы 40 адам жеке құрам мен 10 техника бірлігі жұмылдырылған. Өрттің жалпы аумағы әлі анықталуда.

Сондай-ақ, ТЖМ жанынан жедел штаб құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдар мен өзара іс-қимыл жасайтын қызметтердің өкілдері енгізілді.

Казцинк кәсіпорны аумағындағы жағдай бақылауда, өртті толық жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Өскеменде кәсіпорын аумағында жарылыс болғаны хабарланған еді.