Өскемендегі Ертіс көпірінде бір топ жасөспірім велосипедшіні көлік қақты
Жол апатынан 6 жасөспірім велосипедші зардап шекті.
Жол апаты 27 мамыр күні сағат 09:30 шамасында Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің көпірінде болған.
ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Avensis маркалы көлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, велосипедшілер легін қағып кеткен.
27 мамыр күні сағат 09:30 шамасында Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің көпірінде Toyota Avensis маркалы көлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, велосипедшілер легін қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан кәмелетке толмаған 6 велосипедші медициналық көмекке жүгінді. Аталған факті бойынша қазіргі таңда тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада жүк көлігі велосипедтегі баланы қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмған болатын.
Тағы оқи отырыңыздар:
Самокаттар мен мопедтерге жаңа талап: 1 шілдеден бастап не өзгереді?
- Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды 08:54
- Астананың коммуналдық желілерін жаңғыртуға 16,2 млрд теңге бағытталады 08:41
- ФИФА әлем чемпионатына қатысушылар санын арттырмақ 08:32
- Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табыс 252 мың теңгеден асты 08:29
- 56 тонна қымыз, 70 мыңнан астам қонақ: «BaiQymyz-2026» фестивалінің жеңімпаздары анықталды 08:11
- Индонезияда жүк көлігі мен пикап соқтығысып, 11 адам қаза тапты 07:48
- ALTAI FEST: Полиция 50 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті 07:14