23 Маусым 2026, 13:55
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев
Өскеменде автобус аялдамасынан ер адамның мәйіті табылды
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 22 маусымда болған.
Өскеменде қоғамдық көлік аялдамасынан 66 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 06:45-те «102» арнасына жедел жәрдем бригадасынан Абай және Шәкәрім көшелерінің қиылысында орналасқан аялдамада жансыз ер адамның жатқаны туралы хабарлама түскен.
Қайтыс болған адамның 66 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған. Ол медицина қызметкерлері жеткенге дейін көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, бұған дейін Өскемендегі Ертіс көпірінде бір топ жасөспірім велосипедшіні көлік қақты.
- Қазақстанның кинопрокат нарығына бірыңғай ережелер енгізілуі мүмкін 01:42
- 11 тамызға арналған валюта бағамы 00:45
- Алматы тауларында жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды 10.08.2026
- Қазақстан таеквондодан Ресейде өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды 10.08.2026
- Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті 10.08.2026
- «Ақ Жол» жемқорлардың «Лазурный жағалауға қашып кетуіне» жол бермеуді ұсынды 10.08.2026
- "Неғұрлым Құнанбайлар көп болса, соғұрлым Абайлар көп болады": Ходжаназаров бай азамат – бай мемлекеттің негізі екенін айтты 10.08.2026