27 Тамыз 2026, 14:54 Фото: ОСК

ОСК Құрылтайдың 145 депутатын тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Құрылтайының депутаттарын тіркеді. 

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтайдың бес саяси партиясы атынан сайланған 145 депутатын тіркеді. Бұл шешім бүгін ОСК-ның барлық сайланған депутаттардың қатысуымен өткен XVI отырысында қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мандат төмендегідей бөлінді:

Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес Құрылтай депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында депутат ретінде тіркелген сәттен басталатынын атап өтті.

Отырыста баяндама жасаған ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясы бес саяси партиядан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының 145 депутаттарын тіркеуді көздейтін қаулы жобаларын әзірлегенін хабарлады.

«Сіздердің өкілеттіктеріңіз Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен бастап басталды. Енді сіздер - Қазақстан Республикасының заң шығарушы билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган - Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарысыздар. Құрылтай депутаттары тікелей сайлау құқығы негізінде сайланды. Сайлау науқанының барлық кезеңдері заңнама талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылды. Депутаттық мандат - халықтың сенімі мен таңдауының нәтижесі, ал Құрылтай депутатының мәртебесі әрқайсыңызға еліміз мен халқымыздың алдында үлкен жауапкершілік жүктейді», - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Іс-шара соңында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Құрылтай депутаттарына куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.