Орыс тарихшысы Кенесары ханның мылтығы қайда сақталғанын айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы қазақ ханы Кенесары Қасымұлының мылтығы Омбы өлкетану музейінің мұрағатында сақтаулы. Бұл туралы жергілікті тарихшы Алексей Сорокин айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Бұған дейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 30 маусымда Мәскеуде өткен Ресей лидері Владимир Путинмен кездесуде одан Қазақ ханы Кенесарының сүйегін іздестіруге және елге қайтаруға көмек көрсетуді сұраған болатын. Бірқатар тарихи деректерте XIX ғасырда Ресей империясына қарсы көтеріліс жасаған және Қырғызстанда өлтірілген ханның сүйегі Ресей Федерациясына жіберілгені көрсетілген.

Владимир Путин Тұңғыш Президентке Ресей тарапының бұл мәселеде жан-жақты көмек көрсететініне уәде берген болатын.

Өлкетану мұражайында қазақ ақсүйектерінің XIX ғасырдың ортасына тиесілі бірнеше білтелі мылтық бар. Солардың бірі, инкрустацияланған білтелі мылтық туралы мұражайдың бұрынғы қызметкерлері бұл Кенесары ханның мылтығы екенін айтты. Және [осыны растау үшін] Орыс Географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің мұрағатында генерал-губернатор Колпаковский (XIX ғасырда қазіргі Қазақстан аумағында және Батыс Сібірдің бір бөлігінде Ресей империясының дала генерал-губернаторлығын басқарған Герасим Колпаковский) 1897 жылы мұражайға Кенесары ханның мылтығын бергені туралы құжат бар, - деді Сорокин.
Оның пікірінше, мұражайға соңғы Қазақ ханының мылтығы берілген деп айтуға негіз жеткілікті дейді.
Колпаковский Қазақстандағы аса құрметті адам болды, Верный (қазіргі Алматы) қаласының негізін қалаушылардың бірі, Орта Азияны зерттеуші және көптеген жарияланымдардың авторы. Ол шынымен де тарихи-өлкетану мұражайына бірқатар экспонатты сыйға тартты, ол кезде мұражай Ресей Географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің мұражайы болған, - дейді өлкетанушы.
Ол қазіргі уақытта мұражайда сақталған қымбат әшекейленген мылтықтардың қайсысы ханға тиесілі екенін нақты анықтау мүмкін емес екенін атап өтті.

Революция болды, барлық жазба ескі кітаптарда болды, келіп түскен экспонаттар туралы мәліметтер Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін жазыла басталды, - деп түсіндірді Сорокин.

Естеріңізге сала кетейік, Путин Елбасына Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға қайтару үшін көмек беретінін айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы