Өрттің алдын алу үшін құтқарушылар космомониторингті пайдаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың сәуір айының басынан бастап, құрғақ және шуақты ауа-райы орнағаннан кейін тек қана 23-26 сәуір аралығында өрт сөндірушілер шөптің жануын жоюға 86 рет барды.
Бұл ретте жанудың жалпы ауданы 182,7 га құрады. Мұның себебі халықтың отпен абайсыз қарым-қатынасы болды.
Жануды бастапқы кезеңде бақылау үшін ШҚО ТЖД құтқарушылары космомониторингті пайдаланады. «Geosat» ЖШС-мен жасалған шарт термонүктелер бойынша деректерді алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ғарыштық технологиялардың көмегімен құтқарушылар өрттің таралуын уақытында анықтап, алдын алады. 2021 жылдың 11 сәуірінен бастап 46 термиялық нүкте тіркелді, оны ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері жедел пысықтап және өрттің одан әрі таралуына жол бермеді.
Қазіргі заманғы мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен Шығыс Қазақстан және Қазақстан Республикасының басқа да облыстарының аумағында тәулік сайын 24/7, 1 млн.шаршы километрден астам форматта ғарыш түсірілімі деректерін жедел қабылдау және сақтау жүргізіледі. ТЖ жою үшін жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін өрт ықтималдығы бар ТЖ координаттарын көрсете отырып, мүдделі қызметтердің электрондық мекенжайларына ахуалдық карталаржедел түрде таратылады.
Сонымен қатар, ШҚО ТЖД құтқарушылары табиғатқа және саяжай учаскелеріне шығатын тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді:
- ашық аумақта кез келген жағдайда шөпті жағуға болмайды;
- балаларға отпен және сіріңкемен ойнаудың қауіптілігі туралы түсіндіру;
-жол жиегін бойлай автомобиль терезелерінен сөндірілмеген темекі тұқылын тастауға жол бермеу; «101» және «112» телефондарына хабарлау қажет.
Бағбандар болса өз учаскелерінде келесі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі керек:
- су құйылған бөшке немесе өрт сөндіргіш болуы керек;
- мангалдарды құрылыстар мен бұталардан алыс орналасқан арнайы алаңдарда орнату;
- шөпті өртеуге жол бермеу.
Рұқсат етілмеген күйдіру, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз жануы, орылған шөпті жағу және орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгеніне назарларыңызды аударамыз.
Шаруа қожалықтарына, бірінші кезекте ені кемінде 4 м қорғау минералдандырылған жолақтарды орындау қажет;
- шаруа қожалықтарының жұмысшыларымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар ұйымдастырсын.
- егістікте жұмыс істейтін техниканы өртке қарсы құрал-саймандармен және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау қажет. Жинау агрегаттары-екі өрт сөндіргішпен, екі тік күрекпен және екі сыпырғышпен, тракторлар – бір өрт сөндіргішпен, бір тік күрекпен. Ұшқын сөндіргіштерді орнатыңыз.