Бүгiн 2026, 17:29
Фото: Report
Ормуз бұғазы тек Иран мен Қытай флоты үшін ашық
Кемелердің басым бөлігі бұғаздың екі жағында тоқтап тұр.
Ормуз бұғазы арқылы тек Иран мен Қытайдың кемелері өткізіліп жатыр. Бұл туралы Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) Telegram-арнасында хабарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кемелердің басым бөлігі Ормуз бұғазының екі жағында тоқтап тұр және оны кесіп өтуге тәуекел етпей отыр, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Парсы шығанағына америкалық кемелердің кіруіне тыйым салынғаны атап өтілді.
Еске салайық, бұған дейін Иран төңірегіндегі шиеленіс мұнай тасымалына қалай әсер ететіні туралы жаздық.