"Өркендеген елдердің тәжірибесіне таядық па?" - Заңгер еліміздегі сайлау науқаны туралы айтты

Биыл Қазақстанда сайлау науқандары қандай деңгейде өтті? Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасұлов пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Констиутцияның сайлау туралы нормаларына толықтырулар мен өзгертулер 2022 жылдың 5 маусымныңда өткен референдумда енгізілді. Осыған дейін тұрақты түрде депутаттар пропорционалды жүйе арқылы сайланып жүрді. Президент халық өз қалауларын танымайтынын айтып, кім сайланып жатқанын білмейтінін мәлімдеді. Мәселен, ол кезде халық партияға дауыс беретін, тізімді ұтқан партия өздері жасайтын. Кейін реформаға сай 70 пайызы (партиялық тізім бойынша) пропорционалды және 30 пайызы мажоритарлық негізде сайлануға тиіс деп шешім қабылданды, - деді Ермек Әбдірасұлов.

Заңгер тағы бір жаңалық партиялардың Мәжіліске өту деңгейі 7 пайыздан 5 пайызға түсірілгенін айтты.

Сайлауда бәсеке жақсы болды деп ойлаймын. Өйткені жеті партия Мәжіліске өтеміз деп бақ сынасты. Бұған дейін өздеріңізге мәлім, бір партия басым дауыс жинайтын, биыл Amanat 53 пайыз дауыс жинады. Қазіргі депутаттардың 47 пайызы ол партиядан емес, басқа партиялар атынан сайланды. Мұндай нәтижелер бізді нағыз көппартиялық Парламентке әкеледі деп ойлаймын. Біз өркендеген елдердің тәжіриебесіне жақындай түстік деп айтуға әбден болады. Әрине Германияда ең мықты дейітін партияның өзі 27 пайыз дауыс жинайды, ал қалғандары 10-12 пайыздан дауысқа ие болады. Кейін олар 50 пайыздан астам дауыс жинау үшін серіктес партиялармен біріге бастайды. Сосын осы жолда Коалиция құрады. Міне, біз осы процестерге таядық. Бәрі Конституция енгізілген өзгерістердің арқасы деп білемін, - деді Ермек Әбдірасұлов.

Бұған дейін заңгер заңгер былтыр басталған Конституциялық реформалар қандай нәтиже беріп жатқанын айтып берді

Ермек Әбдірасұлов нақты үш өзгеріске тоқталды.

Біріншіден, Суперпрезиденттік Республикадан Президенттік Республикаға көшудің бірталай аспектілері. Соның ішінде, Президент өзін қандай да бір саяси партиядан алшақтатты. Президенттің жақын туыстары мемлекеттік-саяси қызмет лауазымдарын атқаруға құқылы емес. Сонымен қатар «Елбасы» ұғымы Конституция нормаларынан алынды. Екіншіден, тежемелік әрі тепетеңдік институтын одан әрі жетілдіру және жергілікті билікті күшейту мақсатында, Конституциялық нормалар жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Олардың бірі, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қала мен астана мәслихаты депуттарының жиналысын өткізу тәртібі айқындалды. Конституцияның 88-бабының 4-тармағы Президентті әкімдердің шешімдері мен үкімдерінің күшін жою жөніндегі өкілеттерінен айырды.

Екіншіден, Республиканың сайланбалы жүйесінде күрделі конституциялық өзгерістер болды: пропорционалды және мажоритарлық үлгіге көшу мен сайлау жүйесін өзгерту белгіленді; Қазақстан халқы Ассамблеясы квоталанған сайлау негізінде сайланатын мәжіліс депутаттары қысқартылды.

Үшіншіден, Конституциялық Соттың құрылуымен және Адам құқығын қорғау уәкілінің контитуциялық статусының пайда болуымен адам және азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесі күшейтілді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спикердің мұрағатынан
Өзгелердің жаңалығы