Оқушы құлап кеткен мектепте баспалдақтарға қоршау орнатылды

Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Есет Байкен оқушы құлап кеткен мектепте оқыс оқиғадан кейін баспалдақтарға қоршау орнатылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әкімдік өкілінің сөзінше, Астана мектептерін оқу аяқталғаннан кейін жыл сайын Төтенше жағдайлар департаменті, ТЖД, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Білім бөлімі және аудан әкімдігінің өкілдерінен тұратын комиссиялар тексеретінін айтты. Одан кейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

№14 мектеп туралы айтатын болса, мұнда да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сыныптардағы және басқа да жерлердегі бүлінген элементтерді талапқа сай ету жұмыстары жүргізілді. Бірақ мектепке шамамен 40 жыл болғанына қарамастан, онда қоршаулар болған емес. Тамерланмен болған оқиғадан кейін мектептердегі балалардың қауіпсіздігіне басқаша баға беріп, құлау мен жарақат алуы мүмкін жағдайларды қарастыра бастадық, - деді ол.

Оның сөзінше, мектеп 1974 жылы салынған. Жақындаға болған оқыс оқиғадан кейін алғаш рет қоршау орнату шаралары қолға алынды. 

Жедел құрылған мониторингтік топ аясында осыған ұқсас мектептерде қоршаулардың жоқтығын қадағалау шаралары жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін қоршаулары жоқ мектептер анықталған жоқ.

Осыған дейін Астанадағы №14 мектепте оқушы баспалдақтан құлап, ауруханаға жеткізілгенін жаздық. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы