Оқу-ағарту министрі шетелге қара жұмысқа кетіп жатқан мұғалімдер туралы айтты

Үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі шетелге қара жұмысқа кетіп жатқан мұғалімдер туралы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Әділетсіздікке ұшырап, қарызға батқан кейбір ұстаз елден кетіп, Англия секілді мемлекеттерге қара жұмысқа кетіп жатыр екен. Бұдан сіздің хабарыңыз бар ма? - деп сұрады журналист.

Ғани Бейсембаев журналистің пікірімен келіспейтінін айтты.

Біздің елімізде және мектебімізде өте табысты жұмыс істеп жатқан қаншама мұғалім бар. Біз неге соларды көбірек айтпаймыз, - деді министр.

БАҚ өкілі «министр ретінде ұстаздарға жасалған жағдайды 5 балдық жүйемен қаншаға бағалайсыз?» деп сұрақ қойды.

Ұстаздарға жасалған жағдайды мұғалімдердің өзі бағалауы тиіс. Мәселе, жағдайды қандай деңгейде екенін қабылдаған адамнан білген жөн деп ойлаймын, - деп жауап берді ведомство басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, министр 25 мамырды қайтарсақ, мұғалімдердің сағаты қысқаруы мүмкін екенін айтып өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы