"Оны құрбандыққа шалу керек". Бишімбаевтың адвокаты жауап берді

Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова адамды азаптап өлтірді деген айыппен келіспейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол кеше айыптаушы тараптың адвокаты Игорь Вранчевтің айтқанына жауап берді.

Адвокат Вранчев Қуандықты құрбандыққа шалу керегін айтты. Оны халықтың 30 жылдан бері азап шегуіне жауапты етіп көрсеткісі келді. Бірақ Қуандық сол үшін неге жауап беруі керек? Қуандықтың жасы 30 жыл бұрын 10-да болды. Егер Қуандық жазаланса, біздің қоғамдағы мәселелердің бәрі шешіліп кете ме сонда? Біз, біріншіден, Қуандықты емес, заңды қорғап тұрмыз. Оның орнында кез келген эмоционалды азамат болуы мүмкін еді, – деді Лейла Рамазанова.

Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сотталушылардың берген айқғақтарына сенбеуге шақырған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы