23 Ақпан 2026, 13:17 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Өңірлер референдумға толықтай дайын

Бүгінгі Орталық референдум комиссиясының кезекті отырысында еліміздің барлық облыстары референдумға дайындық барысы туралы мәлімдеді.

Бүгін Орталық референдум комиссиясының кезекті отырысында барлық облыс референдумға дайындық барысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгінде Алматы қаласы бойынша референдумға қатысу тізіміне 1 341 842 адам енгізілген. 

Қалада 9 аумақтық комиссия және 600 учаске жұмыс жасайды. Дауыс беруде 9 452 мүгедектігі бар адам анықталды. Оларға барлық учаскеде жағдай жасалады, - дейді Алматы әкімі аппаратының басшысы. 

Орталық референдум төрағасы Нұрлан Әбдіров Алматыға келіп-кететін адамдар көптігін айтып, олардың тізімге енуі туралы сауал жолдады. 

Қазіргі таңда 35 жоғары оқу орны бар. Онда 307 774 студент оқиды. 232 801 студент кәмелет жасқа толғандар. Оның ішінде 147 563 студент өзге облыстардан келгендер. Олардың барлығымен жұмыс істелді, - деді Ерлан Шойынұлы.

Ал Шымкент қаласы бойынша Берік Әшірбеков жағдайды мәлімдеді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 695 145 адам нақтыланды. Оның 560-ы өзге облыстан келген студенттер болса, 1115-і әскери қызметкерлер, - деді ол. 

Ал Абай облысы бойынша да референдумға дайындық қызу жүргізілуде.

Бүгінде облыс бойынша дауыс беруге – 400 150 адам анықталып, учаскелердің барлығы қажетті референдумды өткізуге толық дайындалу үстінде, - деді Абай облысы әкімі аппаратының басшысы. 

Комиссия төрағасы Абай облысының учаскелері қаншалықты қамтамасыз етілгенін айтып, мүгедектегі бар бір адам болса да жағдай жасалуы керек екенін атап өтті. 

Ал Ақмола облысында тізімге 511 183 азамат енгізілген. 

Облыс сайтында "Өзіңді тексер" боттары жұмыс жасап тұр. Мүгедектігі бар азаматтарға жағдайларды қамтамасыз ету үшін 732 учаске бірінші қабатта орналасқан, 5 учаскеде пандустар орналастырылды. 85 учаскеге 16 сурдоаудармашы тартылды, - деді Ержан Сүлейменұлы. 

Сондай-ақ Астана қаласындағы ауылдар да ерекше назарда екенін жеткізді. 

Астана аймағындағы аудандар бойынша – 42 906 адам тіркеліп, 24 учаске анықталып отыр, - деді ол. 

Ал Ақтөбе бойынша жағдайды Досхан Әмір мәлімдеді. 

Ақтөбе облысы бойынша 528 учаскеде 577 053 сайлаушы тіркеліп отыр. Облыс бойынша азаматтарды тіркеу үшін 10 арнайы сервис ұйымдастырылды. Жалпы өңір бойынша барлық санаттағы азаматтар үшін толық техникамен жабдықталған, - деді Досхан Досжанұлы. 

Атырау облысында 416 619 адам дауыс беруге құқылы деп танылған. Сондай-ақ 95 көлік инвотакси ретінде қызмет көрсетеді деп күтілуде.

Батыс Қазақстан облысында да жағдай тұрақты. 

Облыс бойынша 346 391 адамның тізімі нақтыланды. Өңірде 489 учаскеде дайындық жұмыстары жүргізілуде, - деді Батыс Қазақстан әкімі аппаратының басшысы. 

Жамбыл облысы бойынша – 721 993 азамат енгізілгені айтылды. Ал Жетісуда референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтар саны – 37 729 адамды құрап отыр. 

Баяндама жасаған келесі өңір – Қарағанды облысы болды. 

Қарағанды облысы бойынша 757 671 адам тізімге енгізілді. Облыстың барлық 13 өңірінде 140 кеңес беру қызметі жұмыс істеп тұр. Ал әкімдік сайттарында сайлаушылар үшін ақпараттар орналастырылды. Сайлау учаскелері барлық техникалық жабдықтармен жабдықталды. Учаскелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі басты назарда, - деді аппарат басшысы. 

Нұрлан Мажитұлы нақты қалаға байланысты қандай ерекше шара қолданғаны туралы сұрады. 

Дауыс беруге ыңғайлы болу үшін автобустар тегін болады. Және басқа жерде дауыс беруге мүмкіндігі бар екені туралы ақпараттар кеңінен таратылуда. Инвотакси саны – 140 және 17 онлайн сурдоаудармашы тартылады деді, - Бауыржан Оспанұлы. 

Қостанайда да дайындық тиянақты жүргізілуде.

Ал сөз алған Әділхан Мұхамедияров Қызылорда облысы бойынша жағдайды мәлімдеді. 

Облыс бойынша бүгінде дауыс берушілер саны – 492 724 адамды құрады. Облыс бойынша 21 490 мүгедектігі бар адам тіркеліп отыр. Оларға 64 инвотакси қызметі қарастырылады, - деді аппарат басшысы. 

Маңғыстау облысында референдумда дауыс беру құқығына 444 498 сайлаушы енгізілді. 

Өңірде 261 сайлау учаскесі бар. Облыс бойынша 3 646 мегедектігі бар адам тіркелді. Бүгінгі таңда барлық жағдай жасалып жатыр, - деді аппарат басшысы. 

Ал 6 сайлау учаскесі өндіріс орындарында ашылып отыр. Онда Маңғыстауда вахталық режимде жұмыс жасап жатқан жұмысшылар келіп, дауыс береді деп күтілуде.

Павлодарда 521 сайлау учаскесі жұмыс жасап, 498 730 адам дауыс беру үшін тіркелді. Ал Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 164 767 адам тіркеліп, өз дауыстарын береді деп күтілуде. 

Түркістан облысы бойынша әкім аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді. 

Бүгінгі таңда облыс бойынша тізімге 1 187 257 адам енгізілді. Сонымен қатар ерекше жағдайды қажет ететін мүгедектігі бар адамлар саны – 16 601 адам анықталды, - деді аппарат басшысы. 

Ал Шығыс Қазақстан облысы бойынша сайлаушылар тізіміне – 485 109 адам енгізіліп, 3 408 адам – ерекше жағдайды қажет ететін мүгедектігі барлар. Облыс бойынша 18 көлік қызмет етсе, аудандарда 36 көлік қызмет көрсетеді. 

Ұлытау облысы бойынша референдумға қатысуға құқығы бар адам саны – 136 447-ні құрап отыр. Және қалалар мен аудан әкімдіктерінде call-орталықтардың ашылғаны туралы айтылды. Сонымен қатар, 421 мүгедектігі бар адам анықталып, дауыс беруге арналған сайлау учаскелері тексерілген.

Еске салсақ, Орталық референдум комиссиясы референдумда мүгедектігі бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалатынын хабарлаған болатын.