Рөлі оң жақта орналасқан көліктерге жаңа тыйым енгізіле ме? – Министр жауап берді
Ведомство оң рульді көліктерге қатысты ұстанымын түсіндірді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкіметте өткен брифингте оң рульді көліктерді пайдалануға тыйым салу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол Қазақстанға рөлі оң жақта орналасқан автокөліктерді елге әкелуге бұрыннан тыйым салынғанын еске салды.
Жол қауіпсіздігі мәселесі өте өзекті. Бұл мәселені тек Өнеркәсіп министрлігі ғана емес, Ішкі істер министрлігі де көтеріп келеді. 2007 жылдан бері Қазақстанға рөлі оң жақтағы автокөліктерді әкелуге тыйым салынған. Сондықтан бұл жерде ең бастысы – қолданыстағы тыйымның сақталуын бақылау. Рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым бар, – деді Нағаспаев.
Брифинг барысында журналистер министрден ведомствоаралық жолаушылар тасымалында мұндай көліктерді пайдалануға тыйым салу мәселесі қарастырылып жатқан-жатпағанын да нақтылады.
Бұл сұрақты жол қауіпсіздігіне жауапты Ішкі істер министрлігіне қойған дұрыс. Біз автомобиль саласына жауапты мемлекеттік орган ретінде өз тарапымыздан барлық қажетті шараны қабылдадық: көліктерді әкелуге қатысты барлық қажетті тыйымдар енгізілді. Сондай-ақ оларды еліміздің аумағында пайдалануға қатысты да тиісті талаптар қабылданған. Бұдан кейінгі мәселе – уәкілетті органдардың бақылауында, – деп жауап берді министр.
Еске салайық, бұған дейін елімізде толық жетекті жедел жәрдем көліктері шығарылатыны айтылды.
Сондай-ақ, Қазақстанда шығарылған автокөліктердің бағасы арзандай бастады.
- Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-приде төрт жүлде жеңіп алды 21:48
- Атырауда «ALTYN ORDA» халықаралық садақ ату турнирі өтіп жатыр 21:11
- БРИКС, БАӘ және транзит: Қазақстан экономикалық мүмкіндіктерін қалай кеңейтуде 20:59
- БРИКС плюс: Қазақстан транзит пен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейтуде – Сарапшы 20:58
- Жапонияда үкімет қайта жасақталады: Такаити қарсыластарын қызметінде қалдырмақ 20:55
- Қосшыда сауда үйінде жанжал шығарған ер адам 15 тәулікке қамалды 20:40
- Қазақстанда алғаш рет: Алматының қалалық кардиоорталығы JCI аккредитациясын алды 20:10