Өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған ақтөбелік мас күйде қайта рөлге отырған
Ақтөбеде таңғы патруль кезінде ұсталған жүргізушінің бұрын өмір бойына жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Оған не жаза күтіп тұр?
Ақтөбеде таңғы патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіні анықтады. Таңғы сағат 06:00 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері ВАЗ-2114 автокөлігін құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан.
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында көлік тізгініндегі азаматтың бұрын өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Соған қарамастан, ол қайтадан рөлге отырған. Бұдан бөлек, жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған 38 жүргізуші анықталды. Мұндай әрекеттер заңды қасақана елемеу ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Бұған дейін дәл осындай жағдай Түркістанда да болған. Түркістан қаласында патрульдік полиция қызметкерлері түнгі рейд кезінде жол қозғалысы ережесін күмәнді түрде бұзған "ВАЗ-2106" автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру барысында тәртіп сақшылары жүргізушінің мас күйде болуы мүмкін екенін байқап, оны медициналық куәландыруға жіберді. Сараптама нәтижесінде 30 жастағы азаматтың алкогольдік ішімдік ішкен күйде көлік басқарғаны расталды.
- Қазақстан статистикасы ЭЫДҰ сарапшыларын таңғалдырды 13:51
- Астанада жүк көлігі өртеніп, тағы екі көлік зақымданды 13:29
- Математиктер 90 жыл шеше алмаған есепті OpenAI шешті 13:06
- ADCB Kazakhstan қаржыландыру көлемін 3 есе арттырады 12:45
- «Үйдің жағдайы өте жақсы деді»: Ұлдана Мырзуан ісінде сотталушы жауап берді 12:40
- Алматылықтар тротуар плиткаларын қайта ауыстыру жұмыстарына наразылық білдірді 12:37
- Ипотека арзандап, пәтер қымбаттай ма? Ұлттық банктің жаңа базалық мөлшерлемесі нені өзгертеді? 12:30