Омикрон. Штамм адамзат арасында мәңгіге сақталып қалуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Омикрон» штамы адамзат популяциясында мәңгілікке сақталып қалуы мүмкін. Ғалымдар осындай болжам жасады деп  жазады Lenta.ru. 

Ресейдегі Г. Габричевский атындағы Мәскеу эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері коронавирустың жаңа штамы енді жер бетінен жоғалмайды деп отыр. 

Олап СOVID-19-дың бұл штамы маусымдық вирустың қатарына қосылады деп отыр. Мутация салдарынан вирус жоғарғы тыныс жолдарында сақталып, сол арқылы ішке енді. Сонымен қатар адамның ауыз қуысы мен жұтқыншағының суық және ылғалды ауа райындағы сезімталдығын есепке алған жөн. 

Алайда бұл коронавирусқа жаңа басымдық беретін жаңа мутациялардың пайда болуына кедергі емес. Әр мутацияға ұшыраған сайын вирус алдыңғы штамдарға қалыптасқан иммундық кедергілерді жойып отырады, - деді дәрігерлер. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ЖРВИ-дің әр екінші жағдайы «Омикрон» штамы болуы мүмкіндігі туралы жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы