Омбыда Кемел Тоқаевқа орнатылған мемориал тақта салтанатты түрде ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Омбыда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, белгілі қаламгер Кемел Тоқаевтың құрметіне орнатылған мемориал тақта салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Салтанатты рәсімге Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев пен губернатор Александр Бурков, Омбы мэрі Оксана Фадина және бірнеше қоғам белсенділері қатысты.

Омбы облысының губернаторы Александр Бурков пен Қазақстан елшісі Ермек Көшербаев мемориал тақтаға гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, Көшербаев соғыс ардагерлеріне арналған госпитальдың бас дәрігері Евгений Захаровқа диагностикалық зертхананың жабдықтары үшін сертификат табыстады.

Еске сала кетсек, Омбы қалалық кеңесі қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін қалаушы және Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Кемел Тоқаевтың құрметіне ескерткіш тақта орнату туралы шешімді осы жылдың наурыз айында қабылдаған болатын. Оған Шоқан Уәлиханов атындағы орыс-қазақ достығы орталығы мен Қарулы күштер ардагерлерінің Омбы қалалық қоғамдық ұйымы бастамашы болды. Бұл идея қала әкімдігі жанындағы топонимикалық комиссияда мақұлданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы