Олжас Бектенов Құрылтайда Үкіметтің алдағы міндеттерін атады
Бектенов 2026 жылы экономика өсімін кемінде 5 пайызға жеткізетіндерін айтты
Премьер-министр Олжас Бектенов Құрылтай отырысында өзіне жоғары сенім көрсеткені үшін Президентке алғысын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бектенов өзіне жоғары сенім білдіріп, Премьер-министр лауазымына кандидатурасын ұсынғаны үшін Президентке алғысын жеткізді. Сондай-ақ ол бірінші шақырылымдағы Құрылтай депутаттарына да ризашылығын білдірді.
Біздің өзара бірлескен жұмысымыз Мемлекет басшысының Әділетті әрі қуатты Қазақстанды құру міндетін жедел және сапалы орындауға бағытталады деп сенемін. Жаңа Конституциямыз қабылданып, мемлекетіміздің саяси жүйесінің жаңару үдерісі бастау алған ел дамуының аса маңызды кезеңінде Үкіметті басқару мен үшін айрықша жауапкершілік, - деп айтты Бектенов.
Ол Президентке жыл қорытындысы бойынша экономиканы кемінде 5% деңгейінде өсуін қамтамасыз ететін айтты.
Бұл орайда азаматтарды белсенді жұмыспен қамту арқылы олардың табысының өсуін ынталандырып, инфляциясың деңгейін төмендетеміз. Сіз тапсырғандай еліміз бойынша маңызды жобалардың құрылысын бастадық. Ауқымды құрылыс бағдарламасы, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салуға және экономикалық өсімді ынталандыруға бағытталады. 2026 жыл сіз жариялағандай, Цифрландыру және Жасанды интеллект жылы болып белгіленді. Тапсырмаларды жедел әрі сапалы орындау үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Экономиканың барлық саласында цифрлық транформация жалғасын табады, - деп атап өтті Олжас Бектенов Құрылтай отырысында.
Сонымен қатар «Заң және тәртіп» қағидаты Үкімет жұмысының негізгі бағыттарының бірі болады.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына қайта тағайындалды.