31 Тамыз 2026, 11:25
Фото: primeminister.kz
Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін Құрылтайдың жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын.