Нұр-Сұлтандық аудан әкімдігінің шенеунігіне пара алды деген күдік тағылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың Сарыарқа аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы жүйелі негізде пара алуда күдікті деп танылуда.

Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында ведомствоның Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаментімен Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол қоғамдық тамақтану объектілеріне жоспарлы тексерулер бойынша оң шешім, сондай-ақ жалпы қамқорлығы және салғырттық үшін кіші және орта бизнес субъектілерінен жалпы сомасы 75 мың теңге жүйелі негізде пара алуда күдікті деп танылуда», - деді Арман Бердалин.

Оның сөзінше, кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қазақстан темір жолы» АҚ қызметкерлерінің жемқорлықпен ұсталды. Аталған компанияның 14 қызметкері жемқорлыққа күдікті деп танылды.

Сонымен қатар, 2019 жылдың сәуір айында елорданың ірі жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық қатынастарының болуына қатысты студенттер мен оқытушылар арасында жасырын сауалнама жүргізілген. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, Нұр-Сұлтандық студенттердің 6,3%-ы пара бергенін жасырмаған.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында ведомствоның Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин патрульдік полицей Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атқанын мәлімдеді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы