Нұр-Сұлтанда тағы бірнеше нысан жабылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин тәртібінің үнемі бұзылуына байланысты елордадағы бірқатар басқа да ойын-сауық мекемесінің жұмысы тоқтатылуы мүмкін.
Бүгінгі таңда сегіз материал Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. «Alanya» түнгі клубы мен «Janym Sol» караоке-барының жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ «SOVA» караоке-барына, «Echo» барына, «Zoloto» мейрамханасына, «Сторис» демалыс орнына қатысты материалдар қарастырылуда. «Teqila» лаундж-барына екі хаттама жасалған.
Өткен демалыс күндері тізімде көрсетілген бірқатар нысанға қатысты бірнеше рет жедел хабарламалар келіп түсті, жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, оның барысында бұзушылық фактілері расталды. Тексеру нәтижелері бойынша материалдар әкімшілік сотқа қосымша дәлел ретінде жіберілді, - деді Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.
Сонымен қатар мереке күндері «Mega Silk Way» сауда ойын-сауық орталығындағы «Kango» батут орталығы мен Тұран даңғылы, 21 мекен жайындағы «Icon» клубына қатысты бірнеше рет жедел хабарламалар келіп түсті. Сонымен қатар бұған дейін аталған нысандарға бұзушылықты жою туралы нұсқаулар берілген болатын. Осы нысандарға қатысты, бұйрықты орындамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қарауға әкімшілік сотқа жіберіледі.
Еске салайық, қалада әкімдік, полиция, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілеріне карантин және шектеу шараларының сақталуына бақылау жүргізуде. Шілдеден бастап осы уақытқа дейін 1 297 жеке, лауазымды және заңды тұлға 261 бұзушылықтары үшін 296 654 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.